"Формадағы рэкеттер басқарып, крышовать етеді": Заңгер қыздарды мәжбүрлеп жезөкшелікке салатындардың не себепті қамалмайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Формадағы рэкеттер басқарып, крышовать етеді": Заңгер қыздарды мәжбүрлеп  жезөкшелікке салатындардың не себепті қамалмайтынын айтты

"Формадағы рэкеттер басқарып, крышовать етеді": Заңгер қыздарды мәжбүрлеп жезөкшелікке салатындардың не себепті қамалмайтынын айтты

Заңгер Айгүл Орынбек Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың отставкаға кетуін талап етті.&nb

  • 10 Шiлде 2023
  • 2020
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Дүние жүзі қыздар тәні саудасын тоқтата алмай отыр. 

Қазір жасөспірім қыздардың тәндері басым сұранысқа ие. Өкінішке қарай, біздің ел де әлемнен қалыс қалып жатқан жоқ.  Елдің алдында жүрген құқыққорғаушы ретінде дабыл қағып, бұл қылмыспен күресіп-ақ келеміз. Бірақ, мына сыбайластық пен жемқорлық жайлаған жүйеге қарсы шығу — оңай емес! Қазақстанда притондар мен жасөспірімдердің тәнін саудалайтындардың "крышасы" сол — Полиция мен Прокуратура!

Бұндай қылмыстарды, әрине олар өз қолдарымен істемейді… Бұл — үлкен ұйымдасқан қылмыстық топ! Тіпті, халықаралық деңгей-дәрежелі "статусқа" көтеріліп кеткенін де жасыра алмаймыз…

 Қыздарды қыздардың қолымен ұрып-соғып, жезөкшелікке салу, қасақана мәжбүрлеу, әрине бұның артында — Полиция тұр…

Жеңгетайлар өздерінің қамалмайтынын біледі. Себебі, қазір оларды көшедегі бандиттер емес, "формадағы рэкеттер" басқарып, крышовать етеді. Құзырлы органдардың іштен "іріп-шіріп" жатқанын зерделеп жүрген құқыққорғаушы ретінде менің оған бір емес, бірнеше рет көзім жеткен. Тіпті, қолымда айғақ-дәлелдерім де жеткілікті. 

Он сегіз жасқа толмаған қыздармен формадағылардың өздері рахаттанып демалып, "қызмет ақысын" төлемей тепкілеп, ұрып-соғып кеткендерді де білемін. Бізде тек төменгі орындаушылар ғана ұсталып қамалады ғой. Ал олардың "шыңында" отырған формадағы бастықтар ешқашан жазасын алмайды. "Крышовать" еткені үшін пара алып отырғандар жоғарыға пара беріп құтылатыны өкінішті…


Алысқа бармай-ақ, таяуда ғана Шымкент Полиция департаментінің бүтін бір ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы әлгі "массаж салонынан" миллиондап пара алып, өздерінің қылмыс ұйымдастырғаны — мына жазбамның дәлел-тұжырымы емес пе? Әйтпесе, "массаж жасаушыларды" полицияның өзі "крышовать"  етіп, пара алып отырғанын — қалай ақтап алуға болады?

Министр Марат Ахметжанов мырза, Шымкенттегі, жалпы еліміздегі өрши түскен бұл ахуалды қалай түсіндіресіз?

Министр ғана емес, Қазақстанның азаматы, адам ретінде шындыққа тура қараңызшы…!

Осыдан кейін, полиция, әсіресе, олардың бірдей генерал бастықтары нандарын адал жеп отыр деп елдің алдында ашық айта аласыз ба?

Сондықтан, сізден кері байланысты нағыз офицерге тән қадамыңыз — өз еркіңізбен "отставкаға" кетуіңіз арқылы ғана күтеміз!

Ахметжанов мырза, Жаңа Қазақстан үшін, Әділетті Қазақстан үшін, жастардың болашағы үшін кетіңіз! Орынды босатыңыз!", — деп жазды ол.