Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жеңіс күнін тойлап біттіңдер ме?
Енді Елді тәртіпке шақыратын ІІМ-ді тазалаңдар!
ІІМ-ге РЕФОРМА КЕРЕК!
6-мамыр күні Қостанайда есірткімен күресетін ПОЛИЦИЯДАҒЫ басшыны 1 кг есірткі және 1 миллион теңгемен ҰҚК ұстапты!
Мемлекетімізде есірткімен күресу үшін миллиондар жұмсап, түрлі форум, тренинг-сабақтар мен жиын-басқосулар өткізгеннен не пайда? Егер, ПОЛИЦИЯ басшыларының өздері бірінен кейін бірі ЕСІРТКІ сатып ұсталып жатса?!
Бұл жайт мерекенің қарсаңында орын алған соң, талқыланбай қалады десеңіздер, қателесесіздер! БӘРІ менің — НАЗАРЫМДА!
“Балық — БАСЫНАН шіриді”!
Қарапайым халыққа өкпелеп қажеті жоқ! Халықты тәртіпке шақыруы тиіс, заңды білетін бүтін бір ПОЛИЦИЯ бөлім басшылығының өзі аса ауыр санатты қылмысқа барып отырғаннан кейін, қалғандарынан не күтеміз?
ҰҚК жігіттеріне РЕСПЕКТ!", — деп жазды Айгүл Орынбек.