Әйтседе аталаған науқанға күдікпен қараушылар қатары көп әрі олар өз ойларын ашық айта бастады, деп хабарлалйды Caravan.kz медиа порталы.
Сәуле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі өз жазбасында шенеуніктерге жаппай салынып жатқан екпенің шынайылығына сенімсіздік танытып былай деді:
"Екпе ектіріп жатқан әкім-қаралар!
Фото-отчет қабылданбайды!
Тікелей эфирде видео-отчет жолдаңыздар!
Екпені қорабынан алып, қандай екпе екенін дәрігер-бике айтып, сол жерде ашып, сол жерде шприцке "құйып", сол жерде салсын. Видео үзілмей, басқа кадрға ауыспай жалғассын. Сонда салдырып жатқандарыңыз, шынымен, екпе екеніне 30% сенеміз…
Пысы: Инстадағы тікелей эфир де қабылданбайды. Кешке дейін инстаграмдағы әкім-қараларды аңдып отыратын уақыт жоқ. Инстада тікелей эфир 1 тәуліктен кейін жойылып кетеді. Факт қалмайды. Сондықтан ФБда тікелей эфир жасасын және видео парақшасында, кемінде, 1 жыл сақталсын",- деді ол.