ФОТОРЕПОРТАЖ! Сочи Олимпиада қонақтарын қалай және қайда орналастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 ФОТОРЕПОРТАЖ! Сочи Олимпиада қонақтарын қалай және қайда орналастырды

ФОТОРЕПОРТАЖ! Сочи Олимпиада қонақтарын қалай және қайда орналастырды

Сочидегі Олимпиада ойындарында біздің спортшылардың құрама командасына қолдау көрсететін қазақстандық делегация  «Norwegian Jade» («Норвежский нефрит») бесжұлдызды круиздік лайнерге орналасты. «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі назарларыңызға кеме бортынан қысқаша фоторепортажды ұсынады.

  • 7 Ақпан 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Сочидегі теңіз вокзалы. «Norwegian Jade» Сочи айлағында тұр. Лайнер ішіне кіру үшін екі бақылау-өткізу бекеттерінен өту керек.

«Norwegian Jade» теңіз көлігін толқындағы бес жұлдызды шағын шипажай деп атайды. Оны құрастыру үшін  NCL компаниясы жарты миллиард доллар қаржысын жұмсаған. Лайнер Багам аралдарының туы астында сапар шегуде.

Мұндай каюталарда қазақстандық делегациямен бірге, басқа да елдердің өкілдері қоныстанған. Ал, Олимпиадаға қатысатын спортшылардың өздері қазір Олимпиада ауылында екенін айта кетейік. Алып кеме үш мың адамға арналған, оның бір мыңы — қызмет көрсетушілер.



«Норвежский нефрит» бортында 12 мейрамхана, 11 бар, 2 ашық бассейн және ойынхана, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдар, спорттық құрылымдар қарастырылған.

Лифтілер. Кемеде 15 палуба, 12 жолаушылар лифті қарастырылған. Теңіз көлігі дизайны классикалық стильде. Кеменің кей бөлмелері «Титаник» лайнерін еске түсіреді.

.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера