Жарияланды: 500

«Франция ArcelorMittal компаниясының орнына басқа әріптес іздестіріп жатыр» - республикалық басылымдарға шолу

«Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында жазуынша, Астанада өтетін EXPО-2017 халықаралық көрмесі тақырыбындағы жел мен күн табиғи күштерінен электр қуатын алудың әдісін «Азат» шаруа қожалығында қолданысқа енгізіліп жатыр. «Ал осы мәселе біраз жылдан бері өзін толғандырып жүрген, бір бастаған істің түбіне жетпей тынбайтын азаматтың есімін ата­сақ, оның көпшілікке таны­мал­ды­ғы анық және сыртқары жерлерге де белгілі екені мәлім. Ел еге­мендігінің

елең-алаңында ескі шаруашылық жүйесі күй­реп, жа­ңа заман талабы ескен кезде Қа­рағанды аймағында ал­ғашқы жекешеленген қожа­лық­ты құрған жан ретінде аян болса, ол-ол ма, сол уақытта жұртқа мүлдем таң­сық саятшылықты қыр төсіне қай­та оралтуымен ше­телдік­тер­дің де қызығуын ту­дырған адам. Мінеки, жетпістің бел ортасынан асса да әлі ты­ным­сыз қалпын­да­ғы Тілекең - Ті­леуқабыл Есен­бек­ұлы соңғы жылдарда осы жаққа тағы бір тосын іс - электр қуатын Желдің күші, Күннің қызуы ар­қылы алып, кәдеге асыруға мұ­рындық болып келеді»,-деп жазады басылым. Мақала «Жел мен Күн - болашақтың энергиясы» атты тақырыппен берілген. Осы басылымда «The Financial Times: «Лондонның Жоғарғы соты Әбіләзовтен 2 млрд. доллар өндіруге қаулы шығарды» атты тақырыппен мақала басылды. Батыстың жетекші БАҚ-тары, оның ішінде The Financial Times газеті мен ВВС телеарнасы жақында Лондонның Жоғарғы соты қыл­мыс­кер Мұхтар Әбіләзовтен қазақстан­дық БТА Банк пайдасына 2 млрд. доллар көлемінде төлем өндіруге қаулы шығарды, деп хабарлады. Аталған басылымда жазыл­ған­дай, Әбіләзовтің заңсыз иеленген қаржы көлемі алты миллиард долларды құрап отырған көрінеді. Ал сарапшылар пікірі бойынша, банктің бұрынғы директорлар кеңесінің жетекшісі Қазақстаннан БТА мен оффшорлар арқылы 10 миллиардқа жуық доллар шығарған. 2010 жылдың желтоқсан айында британдық апелляциялық сот лондондық Жоғарғы соттың М.Әбіләзовтің жалпы көлемі 5 млрд.-қа жуық активтеріне ішкі бас­қаруды енгізу қажеттілігі туралы шешімін бекітті. Өйткені атышулы қашқын банкир актив­терді тоқтату туралы 2009 жылы бе­рілген ордерді орындаған жоқ болатын. *** «Кезінде дарынды режиссер, қазақ кәсіби режиссурасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті театр қайраткері, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған қойылымдар бүгінде келмеске кетті. Ол 30 жылдан артық уақыт қызмет еткен Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында да Мәмбетов туындылары сақталмай отыр. Бұл туралы Әзірбайжан Мәдиұлын еске алу кешінде театр режиссерінің әйелі, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Қорлан Қалиламбекова айтты»,-деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Мақала «Мәмбетов спектакльдері қайда кетті?» деген тақырыппен жарияланып отыр. Осы басылымда «Құбырдың оры - көліктің соры» атты мақала жарық көрді. «Алаш айнасының» жазуынша, биыл қыркүйек айының басында Алматы қаласының әкімшілігінде өткен қысқа қамдану шараларын пысықтауға арналған кеңесте Алматыда жылу маусымына дайындық жоспар бойынша жүзеге асуда, жылу құбырларын жаңарту жұмыстары мерзімінде аяқталады делінген еді. Алайда құбырлар үшін қазылған орлар әлі де ашық, үңірейіп жатқан соң, оларға көліктер бірінен кейін бірі түсіп жатыр. *** «Экспресс К» газетінің жазуынша, Францияның өнеркәсіп министрі Арно Монтебур үкімет ел ішінде әлемдегі ірі металлургиялық ArcelorMittal компаниясын көргісі көлмейтінін мәлімдеді. «Бізге Mittal керек емес, себебі ол Францияны құрметтемейді»,-деді ол. Монтебурдің сөзіне қарағанда, аталған компания мемлекет алдында алған міндеттерін жиі бұзып келген екен. Қазіргі кезде үкімет Францияда ArcelorMittal басқарған өндірістерді өзіне алатын әріптесті іздестіріп жатқан көрінеді. Бұл материал «Франция решила изгнать ArcelorMittal» деген тақырыппен берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін