Жарияланды: 340

Франция мұсылмандары біржыныстылардың некесіне наразылық танытуда

Францияда мұсылман зиялы қауым өкілдері мен ғалымдары халықты бір жыныстылардың некелесуіне рұқсат беретін заң жобасына қарсы шығуға шақырды. Reuters халықаралық ақпарат агенттігіне жолдаған хатында мұсылман белсендісі: «Біз 13 қаңтарда талқыға түсетін заң жобасына наразылық танытамыз. Біз барлық Франция мұсылмандарын арсыз құжатқа қарсы шығуға үндейміз»,- деп жазыпты.

muslim.kz сайтының жазуынша, сонымен бірге мұсылмандар бұл хатта «қазіргі ел президенті Франсуа Олланд үкіметі халық назарын Франциядағы жаппай жұмысссыздық мәселесінен түкке тұрмайтын некелесу жайына әдейі бұрып отыр» деп айыптаған. Тағы бір сұмдық жайт, жаңа заң қабылданған жағдайда, бір жыныстылар құрған отбасыларға бала асырап алуға да рұқсат берілмек. Атышулы құжаттың қабылданып кету қаупі зор. Мұны жақында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі байқатты. Сауалнамаға қатысқандардың 60 пайызы жынысы бірлердің некесін қолдап дауыс берген. Бұған дейін Аргентина, Бельгия, Канада, Дания, Исландия, Голландия, Норвегия, Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы, Испания және Швецияда жынысы бір адамдардың үйленуіне заңмен рұқсат берген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін