muslim.kz сайтының жазуынша, сонымен бірге мұсылмандар бұл хатта «қазіргі ел президенті Франсуа Олланд үкіметі халық назарын Франциядағы жаппай жұмысссыздық мәселесінен түкке тұрмайтын некелесу жайына әдейі бұрып отыр» деп айыптаған.
Тағы бір сұмдық жайт, жаңа заң қабылданған жағдайда, бір жыныстылар құрған отбасыларға бала асырап алуға да рұқсат берілмек.
Атышулы құжаттың қабылданып кету қаупі зор. Мұны жақында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі байқатты. Сауалнамаға қатысқандардың 60 пайызы жынысы бірлердің некесін қолдап дауыс берген.
Бұған дейін Аргентина, Бельгия, Канада, Дания, Исландия, Голландия, Норвегия, Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы, Испания және Швецияда жынысы бір адамдардың үйленуіне заңмен рұқсат берген.