Франция премьері сәләфизмге тыйым салуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция премьері сәләфизмге тыйым салуды ұсынды

Франция премьері сәләфизмге тыйым салуды ұсынды

Францияда сәләфи ағымына заңдық тұрғыда тыйым салу ұсынылды.

  • 26 Шiлде 2016
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Франция премьер-министрі Манюэль Вальс мәлімдеді деп хабарлайды Мuslim.kz.

«Қазіргі уақытта сәләфи ағымы заңнан тысқары қалып келеді. Бірақ бізге халыққа қауіп төндіруші діни ағым немесе секта ретінде тыйым салатын кез жетті» деді Франция үкіметінің басшысы парламент мінберінде.


Оның айтуынша, сәләфи ағымы тек Франция үшін ғана емес, мұсылман халқының өзіне үлкен қауіп төндіріп тұр.

— Франция мұсылмандары сәләфи ағымымен күресті бастау қажеттігін түсінуі керек. Олар бізге шынайы исламды жат ағымнан ажыратуда көмектескені жөн, — дейді Манюэль Вальс.