Франция президенті дін жетекшілерінің ІІ сьезі диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция президенті дін жетекшілерінің ІІ сьезі  диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімде

Франция президенті дін жетекшілерінің ІІ сьезі диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімде

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Франция президенті Жак Ширак осы күндері Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екінші сьезі диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 1080
Фото - Caravan.kz

«Мен екінші сьезд екі тараптың мемлекеттері мен халықтарының назар аударып отырған диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімдемін»,-деп мәлімдеді Жак Ширак Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген жолдауында.

«Мәдениеттер қақтығысына төтеп беру, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, біздің түсінігіміздегі бейбітке қол жеткізу — бұл барлық ниеті түзу діни адамдардың жетуі тиіс мақсаты»,- деп атап өтті Франция президенті.

Ол Қазақстанның «діндер жетекшілері мен барлық конфессия өкілдері арасындағы диалогқа ерекше мән беріп отырғаны үшін, сондай-ақ діни еркіндік және мемлекеттің зайырлылық принципін ұстанғаны үшін» Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта