Франция президенті мінберде сөйлеп тұрған мезетте оқ атылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция президенті мінберде сөйлеп тұрған мезетте оқ атылды

Франция президенті мінберде сөйлеп тұрған мезетте оқ атылды

Бұл туралы BBC жаңалықтары хабарлайды.

Оқыс оқиға нәтижесінде даяшы мен өзге қызметкер жараланды. Басқа ешкім зардап шекпеген.

  • 1 Наурыз 2017
  • 904
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға нәтижесінде даяшы мен өзге қызметкер жараланды. Басқа ешкім зардап шекпеген.

Оқиға Францияның батысындағы Вильоньон коммунасында болған. Олланд ол жерде жаңа жылдам пойыздардың шығарылуына байланысты іс-шараға қатысқан еді. Атыс бола салысымен бірден тоқтаған президент: “Қауіпті нәрсе емес шығар деп үміттенемін” деді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша полицей қаруды сақтандырғыш режиміне қоюды ұмытып кеткен. Екі зардап шегуші де аяқтарынан жарақат алыпты. Олар ауруханаға жеткізілген. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция оқиғаға байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті.


Францияда 2015 жылы қараша айында болған қанды терактіден кейін төтенше жағдай енгізілген болатын. Ол әлі күнге дейін алынып тасталған жоқ. 2016 жылдың қараша айында ел премьер-министрі төтенше жағдай режимінің әлі де созыла түсетінін айтқан.