Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді

26-ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Жак Ширакпен телефон арқылы сөйлесті. Өзара сұхбат барысында президенттер Франция мемлекет басшысының Қазақстанға жасайтын сапары туралы пікір алмасты. ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, сапар мерзімі кейінірек нақтыланатын болды.

  • 27 Ақпан 2004
  • 485
Фото - Caravan.kz

Әңгіменің басты тақырыбы — Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық және саяси қарым-қатынас жағдайы мен оларды дамыту перспективалары, францияның ірі және орта бизнесінің Қазақстан экономикасын дамытуға атсалысу ауқымын кеңейту жолдары, мәдениет саласындағы ынтымақтастық мәселелері болды. Әңгіме барысында бірлескен сауда-экономикалық комиссияның мәжілісін наурыз айының бас кезінде Парижде өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Жак Ширак «қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа кейбір Еуропалық мемлекеттердің ел басшыларының атынан» алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар