А. Идрак Қазақстанға Франция Республикасы делегациясының басшысы ретінде келді. Кеше үкімет үйінде делегация мүшелерінің Қазақстан премьер-министрі К. Мәсімовпен кездесулері өтті. Онда олар екіжақты Қазақстан-француз қатынастарының жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Менің ойымша, Орта Азия өңірі мен Қазақстанға қатысты жүргізіп отырған Францияның сыртқы саясаты таяуда өзінің нақты нәтижелерін береді», — деді талқылау кезінде К. Мәсімов.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық экономиканың әртүрлі салаларында, оның ішінде, энергетикалық, көліктік және ғарыштық салаларда сәтті дамуда екенін атап көрсетті. Бұл салаларда Қазақстан мен Франция ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған бірлескен шараларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Үкіметаралық комиссия бірқатар екіжақты келісімдерді дайындау бойынша кең ауқымды мәселелер жасалды», — деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті