Францияда 5 мың еуро құндылықтағы алтын шақа соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда 5 мың еуро құндылықтағы алтын шақа соғылды

Францияда 5 мың еуро құндылықтағы алтын шақа соғылды

Париждің Монета сарайы 5 мың еуро номиналымен алтын тиындардың топтамасын соғып шығарды.

  • 11 Қараша 2012
  • 426
Фото - Caravan.kz

2 мың шақадан тұратын коллекциялық тираж антикалық аңыздың белгілі кейіпкері Гераклға арналды.

Шақалар 12-28 қараша аралығында сатылымға түсетін болады.

Коллекциялық шақалардың нақты құны — 3 мың еуродан сәл астам. Нарықта оны Францияның кез келген банкінде номиналдық құны — 5 мың еуроға сатуға болады.

Уақыт өте келе оның коллекциялық құны артатын болады. Мысалға, Францияда 2009 жылы аз данамен шығарылған 200 еуро номиналындағы мерейтойлық шақаны нумизматтар бүгінде 2 мың еуроға ұсынып отыр.