Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі The Local-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ең алғаш рет бет тіндерін ауыстыру отасы 2005 жылы ит талап тастаған франциялық Изабель Динуарға жасалған болатын. Ол операциядан кейін 10 жылдан астам уақыт өмір сүріп, 2016 жылы онкологиялық аурудан қайтыс болды.
Ал, алғаш рет бет тіндерін қайтадан ауыстыру операциясы 40 жастағы француздыққа жасалған. 2017 жылғы 30 қарашада дәрігерлер оның организмі донорлық тіндерді қабылдамай қойғанына байланысты емделушіні жасанды комаға түсірді. Енді операция 2018 жылғы қаңтардың ортасында жасалып отыр. Ота жасау уақыты күні бойы жалғасқан.
Енді отаның қалай өткені туралы дәрігерлер тек бірнеше апта өткеннен кейін ғана айта алады.
Мамандардың айтуынша, адамның бет тінін ауыстыру ең қиын процедуралардың бірі көрінеді. 2005 жылдан бері әлемде осындай 40-қа жуық операция жасалған. Осындай процедуралардан өткен 6 емделуші көз жұмған. Олардың иммундық жүйесі әлсіз болған. Ал ауыстырылған тіндердің ажырамауы үшін емделуші өмір бойы иммунитетін көтеретін препараттар қабылдап отыруы тиіс екен. Дәрігерлер препараттар организмнің инфекциялар мен онкологиялық ауруларға қарсы тұруына септігін тигізетінін айтады.
Сарапшылардың пікірінше, осындай препараттардың бірі Изабель Динуардың ауруының себебі болуы мүмкін.