Францияда археологтар жүнді мамонттың қаңқасын тапты
Француздық археологтар Парижден алыс емес жердегі карьерден жүнді мамонттың жақсы сақталып қалған қаңқасын тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Сүйектердің арасынан сондай-ақ алғашқы адамдардың кремнийілі құрал-саймандарының бөлшектері табылды. Табылған заттың жасы - шамамен 200 мың жыл. Сарапшылардың болжауынша, мамонт суға батып кеткен немесе топыраққа малтығып қалған, одан кейін оған аңшылар шабуыл жасаған. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін