Францияда фермерлер ереуілге трактор мініп шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда фермерлер ереуілге трактор мініп шығады

Францияда фермерлер ереуілге трактор мініп шығады

Мыңдаған тракторшылар Парижге жолға шықты. Осылайша ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіподақ елде жаппай ереуілдер ұйымдастырмақ.

  • 29 Қараша 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz


Ауқымды наразылық акциялары Париж бен Лионда жоспарланып отыр. Наразы жұрт үлкен қалаларға жолды жауып, Триумфалды қақпа жанында митинг өткізбек. 

Акцияның мақсаты — үкіметке фермерлердің талабын жеткізу. 

Фермерлердің айтуынша үкіметтің ұстанған саясаты мен халықаралық сауда келісімдері ауыл шаруашылығы саласына тек шығын әкелуде. Тіпті ел президенті Эммануэль Макронды фермерлер бетпе-бет кездесуге шақырып отыр.