Францияда маска тағу міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда маска тағу міндеттелді

Францияда маска тағу міндеттелді

Францияда барлық жабық қоғамдық орындарда, оның ішінде вокзалда, әуежайда, банктер мен поштада, дүкендер мен шіркеулерде маска тағу міндеттелді. Тәртіп бұзушыларға 135 еуро айыппұл салынады. 

  • 20 Шiлде 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

14 шілде Бастилияны азат ету күніне байланысты берген сұхбатында Президент Эмманюэль Макрон елде коронавирустың қайтып оралу белгілері байқалатынын мәлімдеді. Бірақ оның айтуынша, билік бұған дайын.

COVID-19 белгілері бар науқастардың жедел жәрдем шақыруы жиілеп кеткен. Тек соңғы аптада 600-ден астам адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 70-і қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Өткен тәулікте 14 науқас көз жұмған.

Аурудың жаңа ошақтары елдің барлық аумағында анықталды. Әсіресе, төрт департаментте, Француз Гвианасында, Майоттада, Майен мен Жирондада жағдай қауіпті.


Сәуірде Франция билігі апта сайын кем дегенде 700 мың коронавирусқа тест өткізуге ниетті екенін мәлімдеген болатын. Бірақ бүгінде бұл көрсеткіш 300 мыңнан аспайды.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы француздарға көптен күткен жазғы демалысын теңізде өткізуге кедергі келтірмеді.