14 тамыз күні жергілікті уақытпен 22:30 шамасында курортты Жуан-ле-Пен қаласының көшелерінің бірінде дүрбелең басталды. Автокөліктен тасталған петардалар жарылғанын халық бомба деп қабылдаған және жарылыстан қашып дәмхана, мейрамхана мен дүкендерге тығылған.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен полиция зардап шеккендерге көмек көрсетті. Қазір тәртіп сақшылары бейнебақылау материалдарынан күдіктіні іздеп жатыр.