Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаудың бірінші кезеңі бойынша көш бастап тұр — бюллетендердің 90 пайызы есептелгеннен кейін ол 27,40 пайыз дауыс жинаған, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші орында — 24,58 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен. Үшінші орында — "Непокорившаяся Франция" партиясының басшысы Жан-Люк Меланшон (20,96 пайыз), төртінші — "Отвоевание" партиясының негізін қалаушы Эрик Земмур (6,94 пайыз). Бесінші орында — Республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс (4,76 пайыз).
Хаттаманың 45 пайызы өңделгеннен кейін де Макрон көш бастап тұр. Ол 30,41 пайыз дауыс жинаған, одан кейін Меланшон (25,24 пайыз), үшінші — Ле Пен (16,76 пайыз).
Парижде бюллетендердің 42 пайызы есептелгеннен кейін Макрон 38,99 пайыз дауыспен бірінші тұр.
Президент сайлауының екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді.