Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілік білдірді
![]() |
Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Францияның "ALSTOM" компаниясы Астана-Алматы бағыты бойынша жүрдек теміржол қатынасы жобасын жүзеге асыруға мүдделілілк білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек Астана-Алматы жүрдек теміржол қатынасының жобасы бойынша "ALSTOM" француз компаниясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасай бастау туралы келісім жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша, екі қаланың арасындағы пойыз қатынасының уақыты 4 сағат қана болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін