Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек Астана-Алматы жүрдек теміржол қатынасының жобасы бойынша «ALSTOM» француз компаниясы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасай бастау туралы келісім жасалды. Алдын ала есептеулер бойынша, екі қаланың арасындағы пойыз қатынасының уақыты 4 сағат қана болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті