Францияның Compagnie Generale de Geophysique (CGG) компаниясы Каспий теңізіндегі Ақтоты және Қайран кеніштерінде үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізе бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияның Compagnie Generale de Geophysique (CGG) компаниясы Каспий теңізіндегі Ақтоты және Қайран кеніштерінде үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізе бастайды

Францияның Compagnie Generale de Geophysique (CGG) компаниясы Каспий теңізіндегі Ақтоты және Қайран кеніштерінде үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізе бастайды

Биылғы жылдың екінші тоқсанында Францияның Compagnie Generale de Geophysique (CGG) компаниясы Каспий теңізіндегі Ақтоты және Қайран кеніштерінде үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізе бастайды. Халықаралық Agip KCO консорциумы бұл жерде барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстарын жүзеге асырып жатқаны белгілі. Бұл туралы CGG компаниясының ресми хабарламасында айтылған. Бұған дейін бұл жерде тек екі өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілген болатын.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 592
Фото - Caravan.kz

CGG компаниясының ақпартына сәйкес, барлығы 700 шаршы шақырымдық аумақта үш өлшемді сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізіледі. Теңіздің осы тұстағы тереңдігі 1-3 метр аралығында. CGG компаниясы барлау жұмыстарын «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның құрамындағы «Қазақстанкаспийшельф» (ККШ) компаниясымен бірлесе жүзеге асырмақ.

Compagnie Generale de Geophysique (CGG) — жер үстілік, теңіздегі және әуелік әдістерді пайдалана отырып геофизикалық зерттеулер қызметін ұсынатын дүниежүзіндегі жетекші геофизикалық компаниялардың бірі. Ол сейсмикалық және геофизикалық жабдықтарға арнап мәліметтерді басқару, өңдеу және талдау мақсатындағы бағдарламалық қамтамасыздықпен (Sercel-Opseis-Mertz) жабдықтайды.
Халықаралық Agip KCO консорциумы қазір Солтүстік Каспий жобасы аясында Шығыс, Батыс, Оңтүстік-батыс Қашаған, Қаламқас, Ақтоты және Қайраң тәрізді 11 теңіз блогының алтауында барлау жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар