Францияның "Симан Франсе" компаниясы Ақтөбе облысында цемент зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияның "Симан Франсе" компаниясы Ақтөбе облысында цемент зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда

Францияның "Симан Франсе" компаниясы Ақтөбе облысында цемент зауытын салу мүмкіндіктерін қарастыруда

Францияның "Симан Франсе" компаниясы Ақтөбе облысында жыл сайын 1 млн. тонна цемент өндіру қуаты бар зауыт салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімшілігінің баспаасөз қызметінің хабарламасында айтылған.

  • 18 Қараша 2004
  • 709
Фото - Caravan.kz

17-қарашада Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов «Симан Франсе» компаниясының атқарушы директорының орынбасары Жан де Мартрмен кездесті. Ұсынылып отырған жобаны жүзеге асыруға мүдделілік танытқан Ж.де Мартр «компанияның Орталық Азия аймағына 1997-жылдан бері потенциалдық даму рыногы ретінде көз сала бастағанын» хабарлады. Сөйтіп компания 1998-жылы «Шымкентцемент» кәсіпорнын сатып алады. Кәсіпорынды жаңалау мақсатына компания 20 млн. доллардан астам қаржы жұмсап, еңбек өнімділігін жылына 100-ден 600 мың тонна дайын өнім мөлшеріне дейін жеткізді. «Содан бері рынокты жете зерттеген біз цемент өндірісін дамытуда Батыс Қазақстан өңірі басым мүмкіндіктерге ие екенін анықтап білдік»,- деді Ж.де Мартр. Инвесторлар ынтасын ерекше тартып отырған бір мәселе — облыстың құрылыс материалдарын өндіруге қолайлы пайдалы қазбаларға байлығы болмақ.

Зауыт құрылысын салу туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін болашақ инвесторлар бірінші кезекте қазіргі қолда бар әктас қоры кем дегенде 50 жылға жететіндігіне көз жеткізуі қажет. Әкімшілік мәліметі бойынша Ақтөбе облысында цемент өндіруге лайықты минералды-шикізат қоры жеткілікті. Мәселен, Кенжалы бекетінен бірнеше шақырым жерде осы аттас балшық пен бор кеніші, сондай-ақ, табиғи мергелдің Сыр-Ирек кеніші бар.
Келіссөздер барысында облыс әкімі Е.Сағындықов болашақ кәсіпорынды «жаңа нысан салу үшін қолайлы жерде орналасқан» Байғанин ауданында салу туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде бұл жерде 200-250 адам жұмысқа жегіліп, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту шұғыл қолға алынып, ауыл тұрғындарының басқа да әлеуметтік проблемалары шешіледі.
«Симан Франсе» компаниясы дүниежүзінің әр елдерінде 150 зауытқа иелік ететін «Итал цементи» тобының салалық кәсіпорны болып табылады. Топтың жылдық айналымы 6 млрд. евродан асады.

Перейти к новостям спорта