Көрермендерді украиналық мамандар әзірлеп жатқан 3D-эффектісі бар шоу күтіп тұр деп жазады «Экспресс-К».
Жәмила Серкебаеваның өнері түрлі елдердегі сазсүйерлердің жүрегінен орын тапты. Ол Корелли, Вивальди, Гендель, Паганини, Моцарт, Бах, Чайковский және Дебюссидің туындыларын өте әсерлі орындайды. Жәмила Серкебаева қазақтың этникалық әуендерін, сондай-ақ кантри, джаз, рок және техно стильдерін де назарынан тыс қалдырмайды. Өнерпаздың таланты француз сазгері, электрондық музыка жанрының пионерлерінің бірі Дидье Маруанидің ыстық ықыласына ие болды. 80-жылдардың өзінде-ақ ол концерттерінде лазерлік шоу ұйымдастырып отырған. Ал оның «Ғарыш операсы» атты альбомын ғарышкерлер «Мир» орбиталық стансасына өздерімен бірге ала барған. Міне, осы музыкант Қазақстанның сахнасында біздің әйгілі скрипкашымызбен бірге өнер көрсетуге ниет танытқан.
«Әзірге барлық құпияны жайып салмай-ақ қояйын, — дейді Жәмила. — Алайда 28 ақпанда Республика сарайындағы шоудың қонақтары көпке дейін ұмытылмайтындай жағымды әсер алатындарына сенімдімін».