Франсис Пуленктің "Адам дауысы" монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франсис Пуленктің "Адам дауысы" монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанады

Франсис Пуленктің "Адам дауысы" монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанады

20 ақпан күні сағат 19:00-де XX ғасырдағы француз музыка өнерінің жауһары – Франсис Пуленкті «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында қазақ тілінде орындалады.

  • 19 Ақпан
  • 686
Фото - Caravan.kz

Осы шараға байланысты моноопера қатыушыларымен бірге баспасөз маслихаты өтті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғиса Дәуешов монопера туралы айтып өтті.

«Осы іс шарамыз тікелей ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Биыл филармонияда әртүрлі жобаларды қолға алдық. Биыл айтулы мереке. Жамбыл Жабаев атамыздың туғанына 180 жыл. Осыған сәйкес Алматы облысымен бірігіп 27 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың мерейтойын салтанатты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы алғанда, филармония ұжымы көптеген жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ертең филармония ұжымы үшін де, өнер адамдары үшін де елеулі оқиға. Үлкен мақтанышпен айтуға болатын дүние. Осындай әлемдік жауһарларды қазақ тілінде, симфониялық оркестрмен орындау үлкен жетістік. Осы оркестрдің жалғыз солисті Дәрия Жүсіп. Бұл кісі танымал актриса ғана емес, консерваторияны бітірген өнер иесі. Осы жобаның барысында бірінші рет аударылып, мемлекеттік симфониялық оркестрмен өткізгелі отырған Франсис Пуленктің «Адам дауысы» моноперасы», — деді Нұрғиса Мұратұлы.

Сондай-ақ, моноопераның жалғыз солисті Дәрия Жүсіп іс шара туралы ойымен бөлісті.

«Бұл өте күрделі жұмыс. Себебі, актерлік шеберлікте шектеу жоқ. Паузалар болады, ойыңды жеткізе білесің. Бұл жерде ән шеберлігінде әрбір қимыл әрекет дауыс бояуының жақсы шығуына оның қуатына әсер етеді. Сондықтан әрине қиындықтар болды. Одан кейін маэстроның талабы жоғары болғандықтан оны үлкен жауапкершілікпен қабылдаймын. Маған қиын, жеңіл тиіп жатқан жоқ. «Бәрі оңай келіп жатыр» деп айта алмаймын. Бірақ дайындықтар бәрібір нәтиже береді. Себебі, біз талапты бір-бірімізден кәсіби тұрғыда талап етіп жатырмыз. Драма режиссерінің талабы бір бөлек, дирижердің талабы басқа. «Екі пілдің ортасында тышқан өледі» деген сияқты жағдайда жүрмін. Мұның түбінде жоғары деңгейде көрсеті білу жатыр. Оркестрдің музыкасы сондай жұмсақ, соншалықты әдемі. Ол бәрібір әсер етіп біраз жерге алып барады екен», — деді Дәрия Жүсіп.

Моноопераның көркемдік жетекшіс және бас дирижері Қанат Омаров актриса Дәрия Жүсіппен жұмыс барысы туралы ойымен бөлісті.

«Драмалық актрисалар тірірек десек болады. Өйткені, олар сахнада өмір сүреді. Олардың ішкі дүниелері формула 1 сияқты жүреді. Өкінішке орай, көптеген опера әншілері өзгеріссіз. Бұл моноопера көбірек драмалық актрисаға жазылған деп айта аламын. Бұл монооперада Дария ханым үлкен жұмыс атқарды. Бұл музыкалық тілімен өте қиын жұмыс. Бүкіл дүниеде эмоцияны Дәрия ханым керемет жеткізуде. Бұл жұмыста ол кісінің актерлік шеберлігі мұнда керісінше көмектесіп жатыр. Әрбір дайындық түрлі әсер беріп жатыр», — деп пікірін білдірді Қанат Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде 20 ақпан күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында сахналанады.