«Мен сол жаққа қарай ығысқанмын, бірақ доп бағытын өзгертіп, оңға қарай ұшты. Мұндай жағдайда қақпашылар ақымақ секілді көрініп қалады. Сіз мұны қате деп есептейтін шығарсыз, бірақ мен матчты жақсы өткіздім деп ойлаймын», — деді Реннов.
Естеріңізге сала кетсек, матчтың 17-минутында Ғафуржан Сүйімбаев алыстан жойқын соққы жасаған болатын, оны Реннов тоқтата алмады. Нәтижесінде Dr.dk порталы оның ойнына «екі» деген баға қойды.