Фукусима-1» АЭС-інің сыртындағы топырақтан плутоний бөлшектері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Фукусима-1» АЭС-інің сыртындағы топырақтан плутоний бөлшектері анықталды

Фукусима-1» АЭС-інің сыртындағы топырақтан плутоний бөлшектері анықталды

«Фукусима-1» атом-электр стансасының проблемалық реакторларынан шыққан плутонийдің бөлшектері алғаш рет стансаның сыртындағы топырақтан анықталып отыр.

  • 6 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Жапонияның Канадзава университетінің мамандары стансаның бас қақпасынан шамамен 1,7 шақырым жердегі Окума елді мекенінің топырағынан радиоактивті изотоптардың құрамын анықтады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бұған дейін Жапонияның Ғылым және технологиялар министрлігі «Фукусима-1» стансасының аумағынан тыс жердегі топырақтан плутонийдің іздері табылғанын хабарлаған болатын, бірақ анықталған бөлшектердің мөлшері шамалы болғандықтан, сарапшылар оны бұрынғы ядролық сынақтардан қалған белгілері деп түсіндірген еді. Канадзава университетінің ғалымдары сол изотоптарды зерттей келе, олардың зардап шеккен атом стансасының реакторларынан шыққанын анықтап отыр.

Плутонийдің анықталып отырған мөлшерінің адамдардың денсаулығына зияны жоқ, деп санайды сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар