ФУТБОЛ: Әлем чемпионаттары тарихындағы ең маңызды 7 гол - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Әлем чемпионаттары тарихындағы ең маңызды 7 гол

ФУТБОЛ: Әлем чемпионаттары тарихындағы ең маңызды 7 гол

Әлемдік доп додаларында матчтың, тіпті тұтас чемпионаттың тағдырын шешкен талай голдар болды. Бүгін біз тарихқа үңіліп, жанкүйер жадында қалған ең маңызды голдардың рейтингісін жариялап отырмыз.7. Роналдо (Бразилия - Германия 2:0, 2002)
Жапония мен Кореяда өткен жаһандық теңбіл доп жарысында Роналдо жасындай жарқылдады. 8 доп соғып, үздік мергендер көшін бастаған азулы шабуылшының финалда Оливер Канды сан соқтырған қос добы бразилиялықтарға «пентакампеон» атағын сыйлады.

  • 10 Маусым 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

6. Зинедин Зидан (Франция — Бразилия 3:0, 1998)
1998 жылы Франция алғаш рет әлем чемпионы атанды. Финалдық кездесуде Зидан екі мәрте көзге түсіп, бір сәтте «ұлт қаһарманына» айналды. Сіздің назарыңызға чемпиондық атақ иегері кім болады деген сұраққа жауап болған Зизудың екінші голын ұсынып отырмыз.

5. Пеле (Бразилия, 1970)
1970 жылдың финалында Бразилия Италияны 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл «футбол королі» Пеленің ұлттық құрама сапында әлем чемпионаттары аясында өткізген соңғы ойыны еді. Осындай сәтте ол үнсіз қала қалмас еді.

4. Герд Мюллер (ГФР, 1974)
Аты аңызға айналған неміс шабуылшысы осыдан 40 жыл бұрын ӘЧ финалында жеңіс добын соғып, өз еліне басты жүлдені сыйлаған болатын.

3. Андреас Иньеста (Испания, 2010)
Испания тарихында ең алғаш чемпиондық атаққа қол жеткізуге мүмкіндік берген шын мәнінде «алтын гол».

2. Джефф Херст (Англия, 1966)
Әлемдік футбол тарихындағы ең даулы голдардың бірі. Тіпті шынын айтар болсақ, қате есептелген гол. Дегенмен осы доптың арқасында ағылшындар осы күнге дейін «Уэмбли» мұражайында жалғызсырап тұрған кубогын иеленген еді.

1. Диего Марадона (Аргентина, 1986)
Бұл орынға аргентиналық атақты футболшы Диего Армандо Марадонаның 1986 жылғы Мексикада өткен әлем біріншілігінің ширек финалында ағылшындардың қақпасына соққан екі бірдей голы жайғасты. Қос аққудай бір-бірінен ажырамас бұл екі доптың салмағы да сапасы әрқилы. Біреуі атышулы қолмен соғылған доп болса,

екіншісі — футбол туралы оқулықтарға енуі тиіс, мамандар ХХ ғасырдың ең әдемі голы деп таныған біртуар туынды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера