«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, шабуыл шебінде өнер көрсететін Э.Пехлич — «Краина» футбол клубының (Казин) түлегі. Бірнеше клубтың намысын қорғаған Эдиннің соңғы командасы — Босния және Герцеговинаның жоғары тобында ойнайтын «Вележ Мостар».
Белорус маманы Владимир Гольмактың басшылығымен жаттығып жатқан «Ақжайық» құрамына сондай-ақ легионерлер Марко Джорджевич, Неманья Джоджо, Азамат Байматов, Сергей Кондратьев, Александр Дмитриев шақырылып отыр.