Футбол: «Ақжайық» жаңа маусымға дайындықты бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайық» жаңа маусымға дайындықты бастады

Футбол: «Ақжайық» жаңа маусымға дайындықты бастады

Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындықты бастады.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 349
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, команда басшылығы ойыншылар мен жаттықтырушылар, қызметкерлер алдындағы барлық берешектерінен 15 желтоқсанға дейін құтылды. Қазіргі кезде ойыншылар өз стадионында жаттығуға кірісті. Командаға қосалқы құрамда жүрген жас футболшыларды тарту мақсатында олар сынақтан өтуде.

Қаңтар айының 6-ларынан бастап «Ақжайық» Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Батысқазақстандық команда әзірге камерундық «қара бала» Саджо Хаманмен биылғы 1 желтоқсаннан келесі жылғы 30 қарашаға дейін келісім-шарт жасасты. Басқа ойыншы-бапкерлерден кімнің қалатыны немесе жаңадан келетіні алдағы маусымға клуб бюджеті бекітілгеннен кейін белгілі болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера