Футбол: «Ақжайықтың» жеңісті жолы жалғасып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайықтың» жеңісті жолы жалғасып келеді

Футбол: «Ақжайықтың» жеңісті жолы жалғасып келеді

- Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» екінші айналым басталғалы бері бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ.

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

Кеше «Ақжайық» өз алаңында Семейдің «Спартагын» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші лигада кезекті ұтысына қол жеткізген Қаскелеңнің «Сұңқары» 56 ұпаймен көш бастаса, сырт алаңда «Тарланмен» тең ойнаған Көкшетаудың «Оқжетпесінде» 50 ұпай бар. «Ақжайық» 40 ұпаймен үшінші орында келеді.

Батысқазақстандықтар 3 қыркүйек күні өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдайды.