Сөйтіп, Патрик Твумаси биылғы маусымда ең жылдам соғылған голдың авторы атанды. Үзілістен кейін шабуылды үдете түскен Станимир Стойлов шәкірттері есепті еселеді. Бұл жерде де Дмитрий Шомко аяғына сап берген допты Азат Нұрғалиев қақпа торына тоғытты. Пас берудің хас шебері ұзатқан допты тағы да Патрик Твумаси баспен соғып, қорытынды нәтиже 3:0 болды. Осы ойыннан кейін елордалық клубтың екінші орындағы «Қайраттан» басымдығы 6 ұпайға артты. Енді 16 қазан күні болатын XXX турда осы екі команда Алматыда кездеседі.