Футбол: Астананың «Локомотив» командасы 2010 жылғы Қазақстан кубогының иегері - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Астананың «Локомотив» командасы 2010 жылғы Қазақстан кубогының иегері

Футбол: Астананың «Локомотив» командасы 2010 жылғы Қазақстан кубогының иегері

Астананың «Локомотив» командасы футболдан 2010 жылғы Қазақстан кубыгының иегері атанды.

  • 15 Қараша 2010
  • 474
Фото - Caravan.kz

Кеше «Астана Арена» стадионында өткен финалдық матчта «Локомотив» Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен ұтты. Елордалықтарға жеңіс сыйлаған, матчтың 35-минутында соғылған голдың авторы — Михаил Рожков. Осылайша «Локомотив» бұған дейін елорданың намысын қорғаған ізашарлары — «Жеңіс» және «Астана» клубтарының чемпиондық атақтарын және жеңіп алған кубоктарын есепке алмағанда, өзінің бірінші Кубогын жеңіп алды. Ал «Шахтер» болса қатарынан екінші жыл финалда ұтылып қалды.

Айта кетейік, жартылай финалда «Локомотив» қос кездесудің нәтижесі бойынша Талдықорғанның «Жетісу» командасын, ал «Шахтер» Шымкенттің «Ордабасы» клубын жеңген болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера