Бұл турда 1-6-ыншы орындарға таласып жатқан командалар мынадай нәтиже көрсетті. Көш басындағы Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңді. Осы маусымда бас жүлдеден үміткер тағы бір команда «Ақтөбе» де сырт алаңда жеңіске жетті, олар Павлодарда жергілікті «Ертістен» 3:1 есебімен басым түсті. Астананың «Локомотиві» болса «Атырауды» қыбылдап, 2:0 есебімен ұтты Осылайша 30 ойында 58 ұпай жинаған «Тобыл» көш бастап келеді. «Ақтөбе» 57 ұпаймен 2-нші орында тұр. Әрқайсында 50 ұпайдан бар «Локомотив» пен «Ертіс» өзара үшінші орынды бөлісуде. Бұлардан соғылған және жіберілген доптардың айырмашылығы жағынан астаналықтардың көрсеткіші жақсы.
Ал 7-12-інші орындарға таласып жатқан командалардың турдағы нәтижелері мынадай: «Ордабасы»-«Қайрат» 1:1, «Тараз»-«Жетісу» 1:1, «Ақжайық»-«Оқжетпес» 2:0. Чемпионат қарашаның 6-сында мәресіне жетеді.
Келесі, 31-інші турдың ойындары қарашаның 1-інде өтеді.