Кеше өткен жартылай финалдық ойында Голландия 3:2 есебімен Уругвайды жеңді. Голландияның ақтық сындағы қарсыласы бүгін Испания мен Германия құрамалары арасында өтетін жартылай финалдық матчта анықталады. Айта кетейік, Голландия бұған дейін екі мәрте әлем біріншілігінің ақтық сынына шығып, екеуінде де жеңіліп қалған болатын. Енді Голландия үшін тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік туып отыр.