Футбол: Кейлор Навас «Реалға» ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Кейлор Навас «Реалға» ауысты

Футбол: Кейлор Навас «Реалға» ауысты

Бразилия мундиалінде көзге түскен костарикалық қақпашы Кейлор Навас келесі маусымнан бастап мадридтік «Реал» клубында ойнайды.

  • 16 Шiлде 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz

Marca хабарлағанындай, «Реал» аталған қақпашы үшін «Леванте» клубына 10 млн. еуро берген.

Бұның алдында БАҚ беттерінде  Кейлор Навас «Баварияға» ауысатыны жөнінде хабарлар тараған болатын. «Реалдың» қазіргі қақпашысы Диего Лопес командадан кететін болды. Оған «Монако» мен «Наполи» қызығушылық танытып отыр. Ал Икер Касильястың командадағы орны мызғымайды.

Кейлор Навас әлем чемпионатында өткізген 5 матчта тек 2 гол өткізген және мундиальдің ең үздік қақпашысы атағына үмітті болатын. Дегенмен, сыйлық соңында «Бавария» қақпашысы Мануэль Нойерге бұйырды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера