Футбол – нағыз эмоция шығаратын спорт - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол – нағыз эмоция шығаратын спорт

Футбол – нағыз эмоция шығаратын спорт

 Жеңіс жолдарын енді бастап келе жатқан ұжымдағы жас спортшыларымыз болашақтан үміт күттіреді. Қазақ қыздарының да футбол ойынына қызығушылығы күннен күнге артып келеді.

  • 24 Тамыз 2022
  • 597
Фото - Caravan.kz

Осы тұрғыда Caravan.kz медиа порталының тілшісі «BIIK» командасының жас спортшысы Тұрлыбекова Әселхан Төрегелдіқызымен сұхбаттасты. 

Айта кетсек, құрама тұңғыш рет 1995 жылы бас қосты. 2002 жылға дейін Азия футбол Конфедерациясына мүше болып, 2002 жылдан бері УЕФА туы астында сынға түсіп келеді. Әзірше әлем және Еуропа чемпионаттарына және жазғы Олимпиада ойындарына қатыспаған.

— Жалпы өзіңіз туралы айтып өтсеңіз. Туып-өскен жеріңіз қай өңір?

— Мен Тұрлыбекова Әселхан Төрегелдіқызы. Шымкент қаласы, Сайрам ауданы, Мұқтарыс ауылында туып-өстім. Бес ағайындымын. Спортқа бала күнімнен жақын болдым. Футбол ойнап, оны тамашалап жүретінмін. Көршілерімнің бәрі , яғни, көбі ер балалар болды. Солармен футбол ойнайтынмын, ұл балаға ұқсастығым көп болды. Үйдегілер де айта бастады.

— Спортқа қалай және қашан келдіңіз? Кәсіби түрде осы спорт түрімен айналысуға не түрткі болды? Футболға қанша жасыңыздан бастап қызықтыңыз?

— Жалпы футболға кеш келдім. 16 жасымда бет бұрдым. Оған дейін мектеп аралық жарыстарда қатысып жүретінмін. Ол кезде қыздар арасында кәсіби команданың бар екенін білмейтінмін.

 

— Ата-анаңыз сіздің бұл спорт түрін таңдауыңызға қарсы болған жоқ па?

— Футболда ойнауыма  ата-анам қарсы болмады. Керісінше, өздері іздестіріп, сұрастырып облыстық спорттық мектепке берді. Екі аптадай сол жақта жаттығу жасап жүрдім. Содан кейін, «BIIK»-ке ауысып келдім. Әлі сол командадамын. Бірақ, «Томирис- Тұран» командасында ойнаймын.

— Әйелдер арасындағы футболдан ең мықты бәсекелестеріңіз бар ма?

— Кез-келген спортта бәсекелестер болатыны айдан анық. Соның ішінде, әйелдер футбол арасында. Ең бастысы біздің қарсыластарымыз «BIIK Қазығұрт» пен «Оқжетпес» құрама командасы болып тұр.

 

Футбол онша дамымағаннан кейін де солай ойлайтын шығар. Бірақ, мен онымен келіспеймін. Бізде де футбол енді жақсы дамып келе жатыр. Бұдан да мықты командалар болады деген ойдамын. Еуропа, Америка, Азияның өзінде мықты командалар бар. Біз олармен  ойнаған кезде олардың  деңгейлеріне, қарым-қатынастарына көзіміз жетіп жатыр. Бірақ, оларды ерелер, әйелдер деген түсінік жоқ. Бәріне шарттары бірдей. Ал, бізде ерлерге көп бөлінсе, әйелдерге аз бөлінеді.

— Жалпы қыз баласы үшін футбол деген жат спорт түрі деп жатады. Сіздің көзқарасыңыз қалай бұған?

— Футболға бет бұрған болса, тек қана алға деймін. Өйткені, ата-ана қанша қарсы болғанымен, ертеңгі күні нәтижесін көргеннен кейін, қолдауларын беріп отырады. Олармен мақтанатындай дәрежеге жетеді. Алғашқы кезді, бәріміздің ата-анамыз қарсы болатын. Оның үстіне елімізде футбол онша дамымағаннан кейін, көп ата-ана білмейді. Футболдың арқасында, ел көріп, жер көріп, біраз нәрсеге үйренеді екенсің. Үйден көп жат боласың. Көбінесе сборларда боласың. Үнемі дайындыққа жүріп, алға ұмтылыс болады. Футбол – нағыз эмоция шығаратын спорт.

— Өзіңіз сияқты қыз балалар футболға қызықса, бірақ ата-анасы қарсы болса оларға қандай кеңес берер едіңіз?

— Жалпы менің қыздардың футбол ойнауына көзқарасым өте жақсы. Иә, кезінде де маған өте көп айтатын. Футболды таста, ол ұлдардың ойнайтын ойыны, қыздарға тән емес деп айтатындар өте көп болды. Тіпті менің отбасымда маған тап солай айтатын. Басқа спорт түрін таңда деп айтатын. Сондай әңгімелерді жан-жағымнан да көп еститін едім. Ал қазіргі таңда, қыздар футболы дамып жатқаннан соң ба білмеймін ондай сөздерді естімеймін.  Және де  қазір солай деп маған айтса да мән бермеймін.