Айта кетейік, былтыр Талдықорғанның «Жетісу» командасына қарсы ойында команда капитаны — Жұмасқалиев 148-ші голын салып, елдің жаңа рекордын орнатқан болатын. Осыдан аз ғана уақыт бұрын «Тараз» командасымен кездесуінен кейін оның еншісінде 155 гол болған еді. Жаңа маусымда «Жетісу» командасымен болған матчта ол бұл көрсеткішті өсіріп, өз есебіне 156-шы голды жазды. Осылайша сұрмерген Қазақстан чемпионатында ең көп гол салған ойыншы ретінде көш бастады. Ал одан кейінгі сатыда 147 гол салған Мұрат Тілешев тұр.
Қазақстан Чемпионатының үздік сұрмергендері:
1. Нұрбол Жұмасқалиев — 156;
2. Мұрат Тілешев — 147;
3. Олег Литвиненко — 147;
4. Нұркен Мәзбаев — 142;
5. Андрей Мирошниченко — 115;
6. Ұлықбек Бақаев — 111.