Футбол: Оралдың «Ақжайығы» алдағы жылы премьер-лигада ойнайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Оралдың «Ақжайығы» алдағы жылы премьер-лигада ойнайтын болады

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» алдағы жылы премьер-лигада ойнайтын болады

Оралдың «Ақжайығы» футболдан Қазақстан чемпионатында алдағы жылы премьер-лигада ойнайтын болады.

  • 27 Желтоқсан 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Қазақстан футбол федерациясы атқару комитеті 24 желтоқсан күні 2012 жылы ел біріншілігіне қатысушы командалар санын 12-ден 14-ке кеңейту жөнінде шешім қабылдаған. Соған сәйкес биыл премьер-лигаға жолдама алған Қаскелеңнің «Сұңқары» мен Көкшетаудың «Оқжетпеске» қоса Алматының «Қайраты» мен Оралдың «Ақжайығына» осындай мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жерде биыл премьер-лигадан «Қайратпен» бірге шығып қалған Өскеменнің «Восток» командасының қаржылық жағдайының қиындығы мен бірінші лигада үшінші орынды иеленген («Ақжайық» төртінші орынға тұрақтаған болатын) Өтеген батырдың «Іле-Сәулетінің» тиісті инфрақұрылымының жоқтығы ескерілген.

«Ақжайық» футбол клубының президенті Рашит Хуснутдиновтың сөзіне қарағанда, премьер-лигада сәтті өнер көрсету үшін командаға жаңа ойыншылар алынатын болады. 2009 жылы премьер-лигаға жолдама алып, күштілер арасында бір маусым бойы ойнаған «Ақжайық» өткен жылы бірінші лигаға қайтадан түсіп қалған болатын. Енді оралдықтарға екі ортада сенделіп жүрмеу үшін білікті бапкер мен мықты ойыншылар қажет.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера