«Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде қазақстандық футболшылардың басымдығы байқалды. Сергей Лисенков латвиялық қақпашы Артур Вайчулиспен екі мәрте бетпе-бет кездесті. Бауыржан Жолшиев, Виктор Дмитриенко, Алексей Щеткин мен Дмитрий Шомконың соққылары да қарқынды болды. Дегенмен, барлық шабуылдар діттеген мақсатқа жете алмады. Ойынның қорытындысы — 0:0.
Осылайша, Қазақстан құрамасы алты кездесудің үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түсті. Біздің қоржынымызда — үш ұпай. Латвия футболшылары болса, соңғы орында қалды. Бірақ осы ойыннан кейін бір ұпайға ие болды. Қыркүйектің 7-сі күні біздің команда латвиялықтармен тағы бір ойын өткізбек.
2013 жылғы U-21 Еуропа чемпионатының ақтық сындары Израильде өтеді. Қазіргі іріктеу турнирінде әлемнің 52 командасы қатысуда. Олар он топқа бөлінген. Әрбір топтың жеңімпаздары, сондай-ақ екінші орынға ие болған үздік төрт команда финалға жолдама алады. Олар жеті жұп болып өзара күш сынасатын болады.