Футбол: Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері арасындағы жолдастық кездесу 3:1 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері арасындағы жолдастық кездесу 3:1 есебімен аяқталды

Футбол: Қазақстан мен Беларусь чемпионатының қола жүлдегерлері арасындағы жолдастық кездесу 3:1 есебімен аяқталды

Кеше Түркияда Павлодардың "Ертіс" пен Минскінің "Минск" футбол клубтары жолдастық кездесу өткізді. Онда Талғат Байсуфинов жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Бұл жерде болгар легионері Георги Даскалов дубльдің авторы атанса, Мұрат Тілешов жаңа маусымға дайындық кезіндегі алғашқы добын енгізді.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz


Виталий Тараков баптайтын Беларусь аяқдопшылары бұған дейін 25 қаңтар күні Хольгер Фах тізгінін ұстаған Астананың «Локомотив» футбол клубынан 2:1 есебімен басым түскен болатын. Бұл олардың жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынындағы 2-жолдастық кездесуі болып отыр. Түркияның Лара қаласында 20 қаңтарда басталған бұл жиын бүгін аяқталмақ. Жалпы өткен маусымда «Минск» Беларусь чемпионатының қола жүлдегері болса, «Ертіс» пен «Локомотив» Қазақстан чемпионатында 3-4 орындарды өзара бөліскен еді.