Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы Кабо-Вердемен жолдастық матч өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы Кабо-Вердемен жолдастық матч өткізеді

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы Кабо-Вердемен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі 16 маусым күні Алматыда тағы бір жолдастық матч өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді.

  • 6 Мамыр 2015
  • 607
Фото - Caravan.kz

Матчта біздің футболшылардың қарсыласы Кабо-Верде құрамасы болмақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетейік, Кабо-Верде футболшылары 31 наурыз күні Португалия құрамасын ұтқан болатын. Бүгінде Кабо-Верде құрамасы FIFA рейтингінде 37-ші орында тұр.

«Қазіргі уақытта алдын ала келісім жасалды. Тек ресми жұмыстар қалды, бұл халықаралық матчты ұйымдастырудың шешуші бөлігі саналады. Дегенмен, Қазақстан-Кабо-Верде кездесуі 16 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді деп 99 пайызға айтуға болады», — дейді Қазақстан футбол федерациясы халықаралық бөлімінің жетекшісі Тұлпар Мансұров.

Еске сала кетейік, Алматыда Ұлттық құраманың екі матчы жоспарланған. 12 мамыр күні Қазақстан құрамасы Африканың вице-чемпионы Буркина-Фасомен жолдастық матч өткізеді. Ал, 12 маусым күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясында Түркия құрамасымен ойнайды.