ФУТБОЛ: Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчына қазылық етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчына қазылық етеді

ФУТБОЛ: Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчына қазылық етеді

Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің бірінші кезеңіндегі «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командаларының арасындағы матчқа

  • 1 Шiлде 2015
  • 514
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның төрешілер тобы қазылыққа тағайындалды. 

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері — Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау), ал төртінші төреші — қарағандылық  Артем Кучин.

Тоқтала кететін жайт, Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің матчында төреші қызметін атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) — «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Изамйлов төрешінің қосымша көмекшісі болған.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары 2 шілдеде өтеді.