Футбол: Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Голландиядағы халықаралық турнирде 8-орынды еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Голландиядағы халықаралық турнирде 8-орынды еншіледі

Футбол: Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Голландиядағы халықаралық турнирде 8-орынды еншіледі

Голландияның Гааг қаласында 24-27 мамыр күндері футболдан жастар арасында «Адо ден Хааг» футбол командасының резерв мектебінің ұйымдастыруымен 59-шы халықаралық турнир өтті.

  • 28 Мамыр 2012
  • 344
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жарыста ел намысын 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы қорғады.

Небойша Миличич жаттықтыратын қазақстандық аяқдопшылар кеше 7-орын болған ақтық ойында Ұлыбританияның «Манчестер Сити» командасына 3:0 есебімен есе жіберді. Оған дейін топтық кезеңде 25 мамырда 20 жасқа дейінгі Мексика құрамасына 3:0, 26 мамырда Белгияның «Бругге» командасына 5:1, Германияның «Боруссия» командасына 2:0 боп ұтылған болатын.

Бұл бәсекеде «А» тобында «Адо ден Гааг», «Манчестер Сити», «Крузейро», Шотландия (U-20), ал «В» тобында Қазақстан (U-19), Мексика (U-20), «Брюгге», «Боруссия» командалары өнер көрсеткен еді.