ФУТБОЛ: Қазақстанның ұлттық құрамасы Талғарда жиналады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФУТБОЛ: Қазақстанның ұлттық құрамасы Талғарда жиналады

ФУТБОЛ: Қазақстанның ұлттық құрамасы Талғарда жиналады

Қазақстан Ұлттық құрамасы 8 мамыр күні Талғарда жиналып, Буркина-Фасо құрамасымен өткізетін жолдастық матчқа дайындалады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Сәуiр 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасына мынадай ойыншылар шақырту алды:

Қақпашылар: Логиновский Владимир («Астана»), Покатилов Стас («Ақтөбе»), Цирин Антон («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Ахметов Елдос («Астана»), Абдулин Ренат («Ордабасы»), Бейсебеков Абзал («Астана»), Воротников Илья («Тараз»), Гурман Марк («Қайрат»), Қуантаев Ермек («Қайрат»), Логвиненко Юрий («Ақтөбе»), Малый Сергей («Ордабасы»), Сүйімбаев Гафуржан («Ордабасы»), Шомко Дмитрий («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Жолшиев Бауыржан («Астана»), Досмағамбетов Тимур («Тараз»), Жұмаханов Санат («Тараз»), Жуков Георгий («Астана»), Исламхан Бауыржан («Қайрат»), Қонысбаев Ұлан («Астана»), Лунин Станислав («Қайрат»), Мухутдинов Альмир («Тараз»), Мұртазаев Роман («Шахтер»), Нұргалиев Азат («Ордабасы»), Смақов Самат («Ертіс»);


Шабуылшылар: Нөсербаев Таңат («Астана»), Хижниченко Сергей («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»).

Қазақстан Кубогының 1/8 финалы мен Премьер-лиганың екі турының ойындары ескеріліп, келесі футболшылар шақырту алуы мүмкін: қақпашылар — Сидельников Андрей («Ордабасы»), Эрич Ненад («Астана»), қорғаушы — Мирошниченко Дмитрий («Ақтөбе»), жартылай қорғаушылар — Дарабаев Аслан («Қайрат»), Қожамберді Жақып («Тараз»), Тағыберген Асхат («Ақтөбе») және шабуылшы — Жаңғылышбай Тоқтар («Астана»).

«Қазақстан мен Буркина-Фасо құрамаларының арасындағы жолдастық матч 12 мамыр күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч 18:00-де басталады», — делінген баспасөз баянында.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера