Футбол: «Шахтер» мен «Локомотив» Қазақстан кубогінің ақтық сынына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Шахтер» мен «Локомотив» Қазақстан кубогінің ақтық сынына шықты

Футбол: «Шахтер» мен «Локомотив» Қазақстан кубогінің ақтық сынына шықты

Кеше ел кубогінің жартылай финалында қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасын» 2:1 есебімен ұтса, елордалық «Локомотив» өз алаңында «Жетісудан» басым түсті. Есеп 1:0.

  • 11 Қараша 2010
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын, 19 қазандағы алғашқы ойындарда «Шахтер» өз алаңында «Ордабасына» 0:1 есебімен жол берсе, «Локомотив» қарсыласын бірінші ойында да тізе бүктірген болатын.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда өткен тартысты ойынның 12-минутында серб легионері, қорғаушы Александр Трайкович 11 метрлік айып добын қақпаға сәтті тоғытып, «Ордабасын» алға шығарды. Алайда қонақтар сапынан Андрей Финонченко ойын ортасында есепті теңестірді. Кездесу соңына 2 минут қалғанда Анатолий Богданов «Шахтердің» 2 голын соқты. Сөйтіп, қарағандылықтар екінші рет Қазақстан кубогінің ақтық мәресіне жетті.
«Жетісу» астаналықтардан ұпай алу үшін барын салып, нәтижесінде 2 ойыншысы алаңнан қуылды. Дегенмен, жеңісті оңай олжалаған «Локомотивтің» 2 ойындағы 2 добын соққан молдавиялық легионер Игорь Бугаев болды.
Сонымен, ел кубогінің иегері қарашаның 14 күні «Астана Аренада» анықталмақ. Бұл кездесуде ұтқан команда УЕФА-ның Европа лигасына жолдама алады.