Футбол: Ұ.Қонысбаев соққан доп «Астанаға» жеңіс сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Ұ.Қонысбаев соққан доп «Астанаға» жеңіс сыйлады

Футбол: Ұ.Қонысбаев соққан доп «Астанаға» жеңіс сыйлады

1 шілде күні футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» елорданың «Астана» командасын қабылдады.

  • 2 Шiлде 2012
  • 502
Фото - Caravan.kz

Аталмыш ойын тағдырын қазақтың талантты футболшыларының бірі Ұлан Қонысбаев соққан жалғыз доп шешті. 5-минутта сол қапталдан Ұланның қақпаға қарай бағыттаған добы тоғыздыққа тура енді де кетті. Бұдан кейін негізінен еліміздің бас құрамасының ойыншылары өнер көрсететін «Астана» уақытты созуға көшті.

Екінші таймды алаң иелері ширақ бастады. Әсіресе, Максим Азовскийдің орнына ойынға жаңадан қосылған Константин Зотов әдемі пастар беріп, командаластарына біраз мүмкіндік жасады. Бірақ мұны «Ақжайық» ойыншылары пайдалана алған жоқ. 58-минутта «Астана» сапында Таңат Нөсербаевтың орнына шыққан Сергей Гридин де қақпаны дәл көздей алмады.

Жалпы, ойын бойына қостанайлық төреші Анатолий Вишниченко астаналықтар пайдасына ысқырып, оларға жақтасқандай әсер қалдырды.

Сөйтіп, өз алаңында жаман ойнамағанымен, жеңіліс тапқан «Ақжайық» бесінші орынға сырғыды. Енді оралдықтар 8 шілде күні сырт алаңда Қаскелеңнің «Сұңқарымен» кездеседі. Бірінші айналымда Оралда бұл командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера