Футболдан 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Футболдан 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

Ертең, қыркүйектің 11-і күні футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу туры қарсаңындағы оқу- жаттығу жиынын өткізу үшін Минскіге аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 678
Фото - Caravan.kz


Беларус астанасындағы бұл жиын қыркүйектің 20-сына дейін созылады. Жаттықтырушылар кеңесі оған мына спортшыларды шақырып отыр: қақпашы — Армас Құрманәлі («Оле Бразил», Бразилия) мен Станислав Павлов («Восток»); қорғаушы -Серік Қалабаев, Илья Заводский, Сергей Кейлер («Цесна»), Фархат Жәнібеков («Оле Бразил», Бразилия), Павел Халезов («Локомотив»), Темірлан Әділханов («Жетісу»); жартылай қорғаушы — Мұхтар Қалымбетов, Магомед Парагульков, Берік Шайхов («Оле Бразил», Бразилия), Илья Беруашвили, Ринат Хайруллин («Локомотив»), Григорий Майзенгельтер («Қазақмыс»), Мағжан Байжанов («Каспий»), Тимур Бахриден («Ертіс); шабуылшы — Дмитрий Рыбалко («Ертіс»), Виталий Ли («Шахтер»), Владислав Морозов («Восток»), Рауан Сариев («Оле Бразил», Бразилия). Жиын кезінде олар жергілікті клубтармен 2 жолдастық кездесу өткізуді де жоспарлап отыр. Онда қыркүйектің 21-26 күндері 2010/2011 жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 6-шы топта бақ сынайтын командалардың ойыны өтеді. Қазақстандықтар алғашқы ойынын сейсенбіде Румыния командасымен өткізеді. Одан кейін 23-інде Беларус, 26-сында Лихтенштейн футболшыларымен кездеседі. Аға бапкер Илья Меланичтің тәлімгерлері онда іріктеу кезеңінің келесі кезеңіне берілетін 2 жолдаманың біріне таласпақ.