Өтінімдер бір ай бойы қабылданып, билет иесі жеребе арқылы анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат УЕФА-ның ресми сайтында сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар футбол жанкүйерлеріне 1,5 миллион билет сатуды жоспарлап отыр. 2019 жылғы 12 маусымнан 12 шілдеге дейінгі аралықта берілген өтінімдер бойынша жеребе салынып, жеңімпаздар анықталады. Билеттердің қалған бөлігі турнир жақындаған тұста сатылымға шығарылады. Жекелеген құрамалардың ойынына билеттер сол құрама командалардың талаптарына жауап беретін жанкүйерлеріне ғана сатылады. Ойындар Еуропаның 12 қаласында өтеді. Олар: Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург.