Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесу аяқталды

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан мен Беларусь құрамаларының жолдастық кездесу аяқталды

Кеше Түркияның Белек қаласында футболдан Қазақстан мен Беларусь елдерінің 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары жолдастық кездесу өткізді.

  • 2 Сәуiр 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Слободан Крчмаревич жаттықтыратын қазақстандықтар Швецияның «Фрей Таби» командасында өнер көрсететін Филипп Войтехович қорғаған беларустар қақпасынан саңылау таба алмады. Бұған дейін 29 тамызда Анталияда Мирослав Беранек баптайтын ересектер арасындағы ұлттық құрама да Латвиямен 0:0 есебін қанағат тұтқан болатын.

Бұл ойында С. Крчмаревич ел намысын қорғауды қақпашылардан -«шахтерлік» Сергей Ткачукке; қорғаушылардан — «астаналық» Абзал Бейсебеков, Дамир Дәуітов, Евгений Горячий, «ертістік» Дмитрий Шомко, «қайраттық» Нұржарық Құнов; жартылай қорғаушылардан — «қайсарлық» Асхат Тағыберген, «астаналық» Исламбек Қуат, «оқжетпестік» Хасан Әбдікәрімов; шабуылшылардан — «шахтерлік» Сергей Хижниченко, Станислав Лунин, «астаналық» Денис Прокопенко, «тобылдық» Бауыржан Жолшиев, «ақтөбелік» Сергей Лисенков пен «жетісулық» Алексей Щеткинге сеніп тапсырған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера